Accessibility links

Р.Эрдоган Израиль-Палестина келіссөзінің қайта жалғасуына Анкараны дәнекер ретінде ұсынды


РАМАЛЛА: Түркия премьері Реджеп Эрдоган бүгін Палестина лидері Махмуд Аббаспен кездесу үшін Рамалла қаласына келді. Оған дейін Р.Эрдоган Израильдің қауіпсіздік күштері күзетіп тұрған Әл-Ақса мешітіне кіріп шықты. Иерусалимде орналасқан Әл-Ақса – исламның ең киелі мешіттерінің бірі. Таяу Шығыста 2 күндік сапарда жүрген Р.Эрдоган Израиль мен Палестина арасындағы бейбіт келіссөздің қайта жалғасуына Анкараны дәнекер ретінде ұсынды. Ол, сондай-ақ, еврей қоныстары көшіріліп, Израиль армиясы шығарылғаннан кейінгі Газа аймағын қалпына келтіру үшін Палестинға Түркияның экономикалық көмегін ұсынуы мүмкін. Кеше түрік премьері Израиль басшылығымен жүздесті.
XS
SM
MD
LG