Accessibility links

Италия өкілінің өлтірілгеніне байланысты Италия және АҚШ тараптары екі түрлі хабар таратты


Дүйсенбі күні жариялаған баяндамасында Италия өкіметі “Құпия қызмет офицері Никола Калипариді Ирақта АҚШ солдаттары әдейі атқан деуге дәлел жоқ. Америка солдатының тәжірибесіздігі мен есі шығып кетуі оқтың атылуына алып келген”, деген еді италиялықтар. Одан бұрын АҚШ тарапы Америка солдатын қорғап шыққан еді. Бағдат әуе жайына бет алған италиялық көлікке оқ атқанда АҚШ солдаттары қалыпты тәртіп бойынша әрекет етті, деген болатын. Сол жолы кепілдіктен босатылған италиялық журналист Жюлиана Сгрена мен келесі агент көлік ішінде жарақаттанған еді.
XS
SM
MD
LG