Accessibility links

АҚШ-тың жоғалып кеткен екі ұшқышының бірінің денесі бүгін Ирақта табылды


Ф-18 атты екі қырғи ұшақ ұшқыштарымен байланысты АҚШ әскерилері түнде жоғалтып алған болатын. Дәл сол кезде аталған аймақта қандайда бір жаулық ниеттегі оқ атулар орын алмаған еді. Екінші ұшқышты іздестіру одан әрі жүргізілуде. Сондай-ақ бүгін АҚШ әскерилерінің айтуынша, коалиция күштері Рамадидегі шайқас кезінде қарулы 12 жауынгерді өлтірген. Ирақтың жаңа өкіметі бүгін ант қабылдауы тиіс.
XS
SM
MD
LG