Accessibility links

Иран уранды байыту ісін қайта жаңғыртқысы келеді


Иранның сыртқы істер министрі Камал Харрази кеше өз елінің уранды байыту ісін аяғына дейін атқарғысы келетіндігін кесіп айтқан. Харрази бұндай әрекеттен бас тарту - Иран ядролық қару жасап жатқан жоқ деп айтуға негіз болады деген идеяны қабылдамаймыз деген.

БҰҰ-ның Ядролық қару таратпау келісімдері конференциясында министр Иран ядролық технологияның барлық саласын, оның ішінде тек бейбіт мақсатта байыту шараларын жүзеге асыруды көздеп отыр деді.

Дүйсенбі күні Халықаралық атом энергиясы агенттігінің басшысы Мохаммед Ел Барадей Иранды ядролық күмәнді іс-әрекеттерді қайта бастауды қоя тұруға шақырған болатын.
XS
SM
MD
LG