Accessibility links

Иран Еуроодақпен ядролық мәселелер бойынша келіссөздерді жалғастыруға дайын


ТЕХРАН: Бүгін Иран екі жақтың негізгі айырмашылықтарына қарамастан, Еуроодақпен ядролық мәселелер бойынша келіссөздерді одан әрі жалғастыратынын хабарлады. Иран президенті Мохаммад Хатамидің мәлімдеуінше, Еуроодақ ешқандай бір практикалық жоспар ұсынбаған болса да, Техран аталған келіссөздерді тоқтатпаймыз деген. Иран мамырдың 6-на дейін Британия, Франция және Германиямен ядролық мәселелер бойынша келіссөздерге қатысты шешімін айтуы керек болатын. Бұл келіссөздер маусым айында қайта жалғасатын болады деп жоспарланған.
XS
SM
MD
LG