Accessibility links

Бүгін Түркияның сыртқы істер министрі Абдулла Гүл Қырғызстанға жұмыс сапарымен барады


Гүл Қырғызстанның қазіргі уақытша президенті Құрманбек Бакиевпен және парламент спикері Өмірбек Текебаевпен, сыртқы істер министрі міндетін атқарушы Роза Отынбаевамен кездесіп, келіссөздер өткізетін болады. Екі елдің арасындағы байланыстарды кеңейте түсу, Асқар Ақаев президенттік қызметтен шеттетілгеннен бері Қырғызстанда қалыптасқан жағдай осы кездесулерде екіжақты әңгіменің арқауына айналады.
XS
SM
MD
LG