Accessibility links

Шығыс және Орталық Еуропадағы гендерлік тепе-теңдіктің ахуалы


Ашық Қоғам Институты мен Бухаресте орналасқан Әріптестік және Теңдік орталығы Шығыс және Орталық Еуропадағы ер адамдар мен әйел адамдардың төлемақы мен саясаттағы теңсіздіктері туралы бірлескен зерттеу жұмысын жариялады.

Бұл баяндамаға сәйкес, зерттеу жүргізілген кейбір мемлекеттерде қыз-келіншектер ер-адамдардың жалақыларының 3-тен 2-сін алады екен. Зерттелген елдердің бәрінде әйел адамдар жетекші саяси лауазымдардың аз бөлігіне ғана ие екен.

Қыз-келіншектердің жалақыларын көтеру немесе оларға жоғары лауазымдарды беруге қарағанда, әйел адамдардың теңдігін уәде етіп, заңдар шығару айтарлықтай оңай көрінеді дейді гендерлік-зерттеушілер. Зерттеулер Еуропа Одағының жаңа мүшелері Чехия, Эстония, Венгрия, Литва, Словакия елдерінде, сонымен қатар, Еуроодаққа мүше болғысы келген Болгария, Румыния және Түркия елдерінде жүргізілген екен.

Зерттеулерге сәйкес, аталған елдердің бәрі Еуроодақ стандарттарына жақын келетін әйел адамдардың теңдігіне кепілдік беретін заңдар шығарған. Дегенмен, бұл баяндамада аймақта жұмыс пен жалақы, сонымен қатар, саяси шешуші орындар мәселелері бойынша әйелдердің теңсіздігі кең тараған делінген.

Осыған орай баяндама авторларының бірі - Әріптестік және Теңдік орталығының жетекшісі Роксана Тешию:

- Біз Еуроодақтың жаңа мүше-елдері үкіметтерінің уәделері, іс жүзінде қандай дәрежеде асырылып жатқандығы туралы бақылап отырмыз. Бұл елдердің барлығы әйелдердің теңдігіне қатысты заңдарын шығарған, бірақ олар қағазда жазылығанымен, өкінішке орай, оларды іске асыру үшін көп уақыт керек болады, - дейді. Заң бойынша, жұмыс орындарында қыз-келіншектерге бірдей мүмкіндіктер берілуі тиіс. Алайда, жұмыс орындарында әйелдерге бұрында қандай көзқарас болған болса, қазір де сол күйінде қалған дейді зерттеушілер.

Тешию мен оның әріптестерінің айтуынша, жалақы мен басқа да жұмыс мәселелеріне қатысты теңсіздіктер бары туралы ешкім білмейді. Сарапшылардың атап көрсетуінше, Түркияда гендерлік тепе-теңдік мәселесіне қатысты көп проблемалар бар. Гендерлік мәселелер бойынша тәуелсіз сарапшы Невин Сенол, Түркиядағы әйел адамдардың теңдігіне қатысты былай дейді:

- Түркияда көп заңдар өзгерген, ол жақсы көрсеткіш. Бірақ, енді осы заңдар іс жүзінде қалай асырылатындығы - бұл өте маңызды.

Оның пікіріне қарағанда, қазіргі жұмыс берушілер, үкіметтер, саясат жүргізушілер мен заң шығарушыларды айыптаулар былай тұрсын – ер адамдар мен әйелдердің теңсіздік проблемалары бұдан бұрын басталған.

- Көп проблемалар әлі шешілуі тиіс, оның арасында қыз-келіншектердің сауатсыздығы, олардың еңбек базарына және саясатқа қатысуларының төмен көрсеткіштері. Міне, осыған ұқсас көп мәселер бар, - дейді тәуелсіз сарапшы Сенол ханым.

Зерттеушілер үкіметтерді әйел адамдардың теңдігіне байланысты, оның ішінде жалақы туралы мәселелер бойынша бақылау орнатуға шақырды. Сондай-ақ бақылау нәтижелері жариялануы тиіс дейді олар. Сонымен қатар, бақылаушылар Болгария, Венгрия және Польша елдерін гендерлік мәселелеріне қатысты статистикалық мәліметтерді жинап, оларды ресми түрде жариялауға шақырды.

Әріптестік және Теңдік орталығының жетекшісі Роксана Тешиюдің пікірінше, ер адамдар мен әйелдердің теңдік мәселелеріне ешкім онша мән бермейді.
XS
SM
MD
LG