Accessibility links

Бүгін АҚШ президентінің Европа сапары басталады


АҚШ президенті Дж. Буш бүгін кешке қарай Вашингтоннан Европа сапарына - Латвия, Ресей, Грузия елдеріне аттанады. Ол алдымен Латвия астанасы- Ригада тоқтап, сондағы салтанатта сөз сөйлейтін болады.

Дүйсенбі күні Буш Мәскеудегі Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 60 жыл толуына арналған мерекеге қатысады.

Осы сапар алдындағы сұхбаттарында Буш Екінші дүниежүзілік соғыс Совет одағының Балтық елдерін басып алуымен бітті дегенді Ресей президентінің есіне саламын деген болатын. Ал ИТАР-ТАСС агенттігіне берген интервьюінде Вл. Путин Ресейдің Балтық елдерінен кешірім сұрайтындай реті жоқ деп атап көрсеткен.
XS
SM
MD
LG