Accessibility links

АҚШ президенті Буш бүгін өзінің Еуропа сапарын Ригадан бастады


Президент Буш сенбіде Балтық бойындағы 3 ел басшылығымен кездесіп, демократия және азаттық жөнінде сөз сөйлемек. Бұл сапардың ең маңызды бір бөлігі Мәскеудегі мерекелік салтанатқа қатысу болмақ. 9-мамырда Ресей астанасында Еуропадағы 2-дүниежүзілік соғысының аяқталғанына 60 жыл толуына орай мереке өтеді.

Мәскеуде АҚШ президенті Буш Ресейлік әріптесі Путинге ол соғыстың соңы Балтық бойындағы 3 елге советтік басқыншылықтың басы болғандығын ескертпек. 9-мамырда Мәскеуге Балтық бойындағы елдерден тек қана Латвия президенті Вике-Фрайберга ханым келмек.
XS
SM
MD
LG