Accessibility links

Британия премьер-министрі Тони Блэр жалпы сайлауда үшінші рет қатарынан жеңіске жетті


Кеше таңертеңгісін Блэр Британия патшайымы Елизаветамен кездесті. Патшайым Еңбек партиясының жетекшісіне үкімет құрамын жасақтауды тапсырды. Еңбек партиясының бұл жолы жеңіске жетуі үшін қолдап дауыс бергендер 36 процент болған, бұл бұдан бұрынғылармен салыстырғанда аздау. Британияның Ирақ соғысына қатысуы - ішінара алғанда қателік - айыптылық болды деп, кеше премьер-министр мойындаған:

- Елде Ирақ өте бір дау туғызған терең мәселе болғандығын білемін. Бұл өте айқын, түсінікті болды. Сонымен бірге мен бұл сайлаудан кейін де адамдар тек алға жылжығысы келетінін де білемін. Олар Ирақтың, өз елінің болашағына көңіл бөлгісі келеді.

Әлем елдерінің жетекшілері Тони Блэрді қол жеткен жеңісімен бірден құттықтап жатты. Германия канцлері Герхард Шредер Блэрдің табысы өзінің 52 жасқа толған туған күніне тамаша сыйлық болды деген. Франция президенті мен Австралия үкіметбасы да өздерінің жылы лебіздерін білдіріп үлгерді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG