Accessibility links

Ирақта кешегі жарылыстардан құрбан болғандар бар


Ирақ полициясының айтуынша, кеше Бағдадтың оңтүстігінде 160 шақырымдай жердегі Суаира қаласында жанкешті жарған көлік бомбасынан кемінде 20 адам опат болып, тағы 40 адам жарақат алған. Одан бұрын кеше таңертеңгісін солтүстіктегі Тикрит қаласында жарылғыш затпен жасалған шабуылда 7 ирақ полициясы қаза тауып, сегіз адам жараланған еді. Полиция кеше сондай-ақ Бағдадтың солтүстік бөлігінде өлтірілген 14 ер адамның мәйітін тапқандығын айтқан. Бұл Ирақ тұрғындарының денелері қоқыс ішінен шыққан.

Кеше әл-Жазира телеарнасы австралиялық азаматты кепілдікке алған топтың Австралияның өз солдаттарын Ирақтан алып кетуіне 72 сағат уақыт беріп отырғандығы жөнінде хабар таратқан.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG