Accessibility links

Бақылаушылар: жергілікті кеңес сайлаулары негізінен әділетті өтті


Палестинадағы жергілікті муниципалитет сайлауын бақылаған АҚШ-ғы Ұлттық демократиялық институттың бақылаушылары дауыс берулер негізінен әділетті жағдайда өтті деп бағалаған. Демократиялық институт өкілі Мак Харб Батыс жағалау мен Газа секторы аймағында сайлаушылардың белсенділікпен қатысқанын, дегенмен де бірқатар жерлерде шағымдардың да болғанын атап өткен:

- Бізге дауыс беру кабиналарында, сайлау учаскелерінде бұрмалаушылықтар орын алғаны жөнінде көп шағымдар түсті. Біз оларды қарадық, әділеттілікпен айту керек, олардың көбі назар аударарлықтай болған жоқ, - деген.

Сайлаудың алғашқы белгілі болған нәтижелері Палестина президенті Махмұд Аббастың Фатах қозғалысы жеңіске жеткенін көрсетті. Жаугерлік Хамас тобы шамамен 24 муниципалитетті бақылауына алып, негізгі деген үш қалада басым түскен тәрізді. Дауыс берулердің түпкілікті қорытындысы жексенбі күні шығуы тиіс.
XS
SM
MD
LG