Accessibility links

Мохаммед әл-Барадей: "Солтүстік Кореяның ядролық сынақ өткізуіне жол бермеу керек"


Халықаралық атом энергиясы агенттігінің басшысы Мохаммед әл-Барадей әлем елдері жетекшілерін Солтүстік Кореяны ядролық қару сынағын өткізбекші ниетінен тоқтату үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға шақырды.

Мұндай ескерту Солтүстік Корея бірінші рет ядролық қару сынағын өткізуге дайындалып жатыр деген хабардан соң айтылды. Жұма күні «Нью-Йорк таймс» АҚШ ресмилері сателиттен түсірілген суреттер Солтүстік Кореяның сынақ өткізуге кеңінен әзірленіп жатқанын көрсетті деген болжамға келіп отыр деп хабарлаған.

Ақ үйдің өкілі Скотт МакКлеллан Солтүстік Корея ядролық сынақ өткізетін болса, бұл тұрғыдағы әрекеттері арандатушылық болады деген.
XS
SM
MD
LG