Accessibility links

Ливанға христиан оппозициясының басшысы қайтып келеді


Ливан астанасы Бейрутке Сирияға қарсы қайраткерлік жасайтын христиан оппозициясының басшысы Мишель Аун бүгін қайтып келу керек, ол 15 жыл қуғында болған. Мишель Аун бүгін кешке Парижден ұшып келеді, сосын Бейрутте жиналған халықтың алдында сөйлемек.

Мишель Аун Ливанда азаматтық соғыс аяқталар тұста - 1990 жылы, Сирия бастаған шабуылдан соң Францияға жан сауғалап кеткен болатын. Ливанда 29 мамырда президенттік сайлау өтпек, бірақ Мишель Аун оған қатысатынын не қатыспайтынын әлі айтқан жоқ.

Ал жұма күні христандар басым тұратын Джауния қаласында жарылыс болып, кемінде 20 адам жарақат алды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG