Accessibility links

Москвада Жеңіс мемориалы ашылды


Ресей президенті Владимир Путин бүгін Екінші дүниежүзілік соғыстағы Совет әскерінің жеңісіне арналған үлкен мемориалды ашты. Мемориал Мәскеудің оңтүстік батысындағы жотаның үстінде орналасқан. Путин «еліміздің көпұлтты халқының ерлігі мен қайтпас қаһары фашизмді жеңуде басты шарт болды» деді.

9 мамыр күні Мәскеуде Екінші дүниежүзілік соғысының Еуропадағы аяқталуының 60-жылдығына арналған шаралар өтеді. Оған әлемнің 50 шақты басшысы қатысады деп күтіліп отыр.
XS
SM
MD
LG