Accessibility links

Джордж Буш Балтық жағалауы елдерінің басшыларымен кездесті


АҚШ президенті Джордж Буш бүгін Латвия астанасы Ригада сөйлеген сөзінде Екінші Дүниежүзілік соғыстан соң Балтық елдерінде басқыншылық пен коммунистік үстемдік орнады деп айтты. Балтық жағалауы елдерінің басшылары – Латвия президенті Вайра Вике-Фрейберге, Эстония президенті Арнольд Рютель және Литва президенті Валдас Адамкуспен кездескен соң Буш американдықтар Балтық елдері тарихын ауыр деп қабылдайды деді:

- Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы бейбітшілікті білдіреді деп білемін. Бірақ ол Балтық елдеріне басқыншылық пен коммунистік үстемдік әкелді. Балтық жағалауы елдерінің басқыншылық пен коммунистік үстемдікке тап болғанын Америка халқы ешқашан ұмытпайды.

Буш өз шекараларының жанында демократиялық елдердің болуы – Ресей мүддесіне сай деп айтты. Дүйсенбі күні Буш Мәскеуге келіп, жеңіс мерекесіне арналған салтанаттарға қатысады.

AzattyqTV

Беларусь аймақтары

«Ашулы белорус» марштары

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG