Accessibility links

Солтүстік Ирландиядағы протестанттар партиясының жетекшісі орнынан кетті


Бейсенбі күні өз партиясы сайлауда жеңіліс тапқаннан кейін, 1998 жылғы Солтүстік Ирландия бейбіт келісімін жасаушылардың бірі - Дэвид Тримбл Ольстер унионист протестанттар партиясының жетекшілігінен кететіндігін мәлімдеген. Аталған партия солтүстік Ирландияда 80 жыл бойы саяси үстемдік жүргізіп келді. Дегенмен, бейсенбі күні өткен сайлауда парламенттегі алты орынның бесеуінен айрылып қалды.

Нобель сыйлығының иегері Дэвид Тримбл Солтүстік Ирландияның католик және протестанттар қауымдастығын татуластыруға көмектесіп, 1998 жылғы Ұлы жұма келісімінің жасалуына зор үлес қосқан.
XS
SM
MD
LG