Accessibility links

Ливандық христиан жетекшісі Отанына оралды


Сирияға қарсы христиан оппозициясының басшысы, соңғы 15 жыл қуғында болған Мишель Аун кеше Бейрутке Франциядан ұшып келді. Аун 1990 жылы Ливандағы азаматтық соғыстың соңғы күндерінде Сирия күштеріне қарсы шайқаста сәтсіздікке ұшыраған көтерілістен кейін, Францияға қашып кеткен болатын. Сирия Ливандағы күштерін осыдан екі апта бұрын ғана алып кеткен еді. Аун мен президенттіктен үміткер емеспін, бірақ халық сайлайтын болса, бақ сынап көруге болады деген. Қазір Ливан 29 мамырға белгіленген парламент сайлауына дайындық үстінде.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG