Accessibility links

Азия және Европа елдерінің сыртқы мекемелер жетекшілері Солтүстік Кореяны алтыжақты келіссөздерге қайта шақыруда


Кеше Азия және Европа елдерінің сыртқы істер министрлері Солтүстік Корея ядролық сынақ өткізуге дайындалып жатыр деген хабар тараған соң, Пхеньянды ядролық қару бағдарламасы турасындағы келіссөздерге шұғыл түрде қайта оралуға шақырды.

Солтүстік Корея мен Оңтүстік Корея, АҚШ және Жапония, Ресей мен Қытай мемлекеттері арасындағы алтыжақты келіссөздердің үшінші кезеңі 2004 жылы маусымда Бейжіңде нәтижесіз аяқталған болатын. Жұма күні халықаралық атом энергиясы агенттігінің басшысы Мохаммед Ел Барадей әлем елдері жетекшілерін Солтүстік Кореяны алған бағытынан қайтару үшін қолдан келгеннің бәрін де жасауға шақырған болатын-ды:

- Мен олар сынақ өткізбейді ғой деп үміттенемін. Бүгін Солтүстік Кореямен байланысы бар әрбір елдің басшысы Солтүстік Корея билік басыларымен телефон арқылы сөйлесіп, оларды мұндай ойдан қайтару үшін әрекет жасап жатыр ғой деп ойлаймын.

Ел Барадей мұндай сынақ соңы саяси және экологиялық зардаптарға соқтырады дейді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG