Accessibility links

К.Харрази (Иран): “Иранның ядролық технологиясын шығаруға “заңды құқы бар”


ТЕҺРАН: Өзінің ядролық технологиясын шығаруға Иранның “заңды құқы бар” және Теһранның уранды байыту өндірісін біржола тоқтату жоспары жоқ. Американың “Тһе Тіме” журналына кеше берген сұхбатында Иранның сыртқы істер министрі Камаль Харази осылай деп мәлімдеді. Оның атап көрсетуінше, халықаралық қоғамның Иран ядролық қару жасауы мүмкін деп алаңдауынан кейін ресми Теһран уранды байыту өндірісін өткен жылдың қараша айында уақытша тоқтатқан болатын және Еуроодақтың 3 елімен келіссөзге отырды. Кеше, сондай-ақ, Иран парламентінің жоғары лауазымды өкілі Еуроодақпен арадағы келіссөзді аяқтап, байытылған уран өндірісін қайта қолға алуға шақырды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG