Accessibility links

М.Саакашвили (Грузия): “Сирия Ливандағы армиясын 1 аптаның ішінде шығарып үлгерді. Сирияның Ливандағы армиясы Ресейдің Грузиядағы күштерінен 3-4 есе көп”


ВАШИНГТОН: Грузин президенті Михаил Саакашвили Ресей барлық әскерін Грузиядан шығаруға тиіс деп мәлімдейді. Ол, сондай-ақ, орыс әскерін қашан және қалай шығару мәселесін Кремльмен талдауға дайын екенін атап көрсетті. Американың Си-Эн-Эн телекомпаниясына берген сұхбатында М.Саакашвили Ресейдің Грузиядағы 2 әскери базасы - Совет Одағының қалған мұра және Мәскеудің оңтүстіктегі көрші елді өз ықпалында ұстауды көздеген мақсатының дәлелі болып табылады деп мәлімдеді. Ресми Тбилиси Ресей өз әскерін 2008 жылға дейін шығаруға тиіс деп санайды. М.Саакашвилидің айтуынша, Сирия Ливандағы армиясын 1 аптаның ішінде шығарып үлгерді. Сирияның Ливандағы армиясы Ресейдің Грузиядағы күштерінен 3-4 есе көп болған.
XS
SM
MD
LG