Accessibility links

2-дүниежүзәілік соғыстағы жеңістің 60-жылдығын тойлауға Мәскеуге 50-ден аса елдің басшылары келді


МӘСКЕУ: Фашистік Германияға қарсы 2-нші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 60 жылдығын атап өтуге Мәскеуге 50-ден аса елдің басшысы келді. Бүгін қонақтар Қызыл алаңдағы әскери шеруді тамашалап, Кремль түбіндегі “Белгісіз жауынгердің” зиратына гүл шоқтарын қояды. Ресей үкіметі салтанатты шаралар кезінде террористік қастандықтарға жол бермеу үшін Мәскеудің орталығына қосымша әскери күш пен милицияны шоғырландырды. Мерейтойға Ресей мен АҚШ және ТМД елдерінің президенттері, Еуроодақ пен Қытай және Жапония лидерлері қатысады. Кеше “Комсомольская правда” газетіне берген сұхбатында Германия канцлері Герхард Шредер неміс нацистерінің Совет халқын адам айтқысыз қайғы-қасыретке душар еткені үшін Ресей халқынан кешірім өтінді. Оның атап көрсетуінше, соғыстағы жеңіс үшін бірде-бір халық совет халқындай зор жапа шеккен жоқ. Литва мен Эстония және Грузия түрлі себеппен жеңәістің 60 жылдығы мерейтойына қатысудан бас тартты.
XS
SM
MD
LG