Accessibility links

Бүгін Ұлыбританияның “Financial Times” газетінде шыққан ашық хатта, Екінші дүниежүзілік соғыстың Еуропада аяқталуының 60-жылдығы Мәскеуде тойланып жатқаны “күлкілі” деп сыналды


ЛОНДОН. Бұл хатта Ресейде демократия принциптері бұзылып жатыр делінген. Бүгін Мәскеуде жиналған әлем елдерінің жетекшілеріне жолданған осы хатқа 71 адам қол қойған, олардың арасында Совет кезеңіндегі диссидент Елена Боннер, сондай-ақ Литваның бұрынғы президенті Витаутус Ландсбергис және саясаткерлер мен сарапшылар да бар. Сонымен қатар, бүгін хұқық қорғаушылар АҚШ президенті Джордж Бушпен кездесу барысында Ресейдегі адам хұқықтары жағдайы алаңдаушылық туғызуда деген. Ресейдегі Хельсинки ұйымының басшысы Людмила Алексееваның айтуынша, Буш азаматтық қоғамға жәрдем беруге уәде берді:

- Президент Буш АҚШ президенттері баратын елдердегі азаматтық қоғамдармен кездесуі дәстүрге айналған деді. Американдықтар кез келген мемлекеттің дамуы үшін азаматтық қоғамның мықты болуы маңызды екенін түсінеді деді ол. Буш сондай-ақ азаматтардың тәуелсіз болуы және олардың бір-біріне мейірімді болуы маңызды деді. Буштың атап көрсетуінше, елде қорқыныш болмау керек, - деді Алексеева.
XS
SM
MD
LG