Accessibility links

Израиль Палестина жерінен армия мен еврей қоныстарын көшіруді 3 аптаға кешеуілдетпек


ИЕРУСАЛИМ. Кеше Израильдің сыртқы істер министрі Сильван Шалом егер Палестинадағы 17 шілдеде өтетін парламент сайлауында радикалды “Хамас” тобы жеңіске жететін болса, Израиль өзінің армиясы мен еврей қоныстарын Газа аймағынан шығару жоспарын қайта қарастыруға тиіс деп мәлімдеді. Кеше, одан бұрын, Израиль премьері Ариэль Шарон армия мен еврей қоныстарын Газадан көшіру үш аптаға – тамыз айының ортасына дейін кешіктіріледі деп мәлімдеген болатын. А.Шаронның айтуынша, бұл еврейлердің осы кезде жыл сайын атап өтетін “сыңсу күндерімен” байланысты көрінеді. Кеше Иерусалимде Израиль полициясы мен палестиндіктер қақтығысып, 7 полицей мен 4 палестиндік жараланды.
XS
SM
MD
LG