Accessibility links

Аустралия үкіметі Ирақтан өз әскерін шығармайды


БАҒДАД. Аустралия үкіметінің мәлімдеуінше, Ирақтағы экстремистік топтың тұтқынында кепілдікте отырған өз азаматының тағдыры жайынан еш хабары жоқ. 63 жастағы Аустралия азаматы Дуглас Вудты кепілдікте ұстап отырған топ Аустралиядан Ирақтағы әскерін бүгін шығара бастауын талап еткен болатын, басқаша жағдайда әлгі азаматты құрбандыққа шалатынын ескертті. Бірақ ресми Сидней Ирақтан әскерін шығармайтынын мәлімдеді. Сонымен бірге Жапония үкіметі өзге топ Ирақта жұмыс істейтін жапон азаматын ұрлап алып кетті деген ақпардың рас-өтірігін анықтау үстінде. Әлгі топтың интернет-парақшасы ұрланған адамның төлқұжатының көшірмесін шығарды.
XS
SM
MD
LG