Accessibility links

Еуроодақ өкілі Иранның ядролық бағдарламасы мәселесін БҰҰ-ның қарауына жіберуді дұрыс дейді


ТЕҺРАН. Еуроодақтың сыртқы саясат мәселелері бойынша өкілі Джавиер Солана, егер Иран уранды байыту өндірісін тоқтату туралы Еуроодақ алдындағы міндеттемесінен бас тартатын болса, оның ядролық бағдарламасы мәселесі БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесінің қарауына берілуін жөн көреді. Кеше Теһран алдағы бірнеше күннің ішінде уранды байыту өндірісін қайта жалғастыратынын мәлімдеді. АҚШ-ы Иран жасырын түрде ядролық қаруларды дамытпақшы деп айыптап келеді, ал Иран бұны жоққа шығарып отыр.
XS
SM
MD
LG