Accessibility links

АҚШ президенті Джордж Буш Еуропаға сапарын аяқтап, Грузиядан ұшып кетті


ТБИЛИСИ. Бүгін АҚШ президенті Джордж Буш Ресей Грузиядағы қалған екі әскери базасын жабуға уәде берді деп мәлімдеді. Буштың атап көрсетуінше, Ресей президенті Владимир Путин бұдан 6 жыл бұрын Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының саммитіндегі келісімге сәйкес, Мәскеу өзінің Кавказда орналасқан әскерлер санын азайтады деген.

- Путин 1999 жылы Стамбулда қол қойған келісімді есіме салды. Ол аталған келісімге сәйкес Ресей өзінің міндеттемелерін орындау үшін Грузия үкіметімен бірге жұмыс істегісі келетінін айтты. Меніңше, бұл Грузия халқы үшін маңызды шара және осы мәселені бірлесіп шешу үшін негіздер бар, - деді Буш.

Буш, сондай-ақ, Грузияның аймақтық біртұтастығын қолдайтынын айтты. Келешекте Батыспен бірігуі үшін Тбилиси сепаратистік дау-жанжалдарын бейбіт түрде шешуі керек, деді Буш ондаған мың грузин жиналған Тбилисидің Бостандық алаңында.

Хабарларға қарағанда, АҚШ президенті Джордж Буш Еуропаға сапарын аяқтап, Грузиядан ұшып кетті.

AzattyqTV

Кәсіподақ басшысы соты

Елеусіновке таққан айыпты оқыды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG