Accessibility links

Европарламент Орта Азияға баса назар аударып отыр


Страсбургтегі парламенттік пікірталастарда Европа одағының ресмилері бұл аймақтың экономикалық және стратегиялық маңыздылығы мен ондағы кездесіп отырған қиындықтар жөнінде өз ойларын ортаға салды. Парламенттің шетел істері жөніндегі комитетінің төрағасы Элмар Блок Орта Азиядағы оқиғаларға алаңдаушылық танытты:

- Бұл - бүгінгі таңда ауқымды стратегиялық маңызы бар аймақ. Стратегиялық маңыз дегеніміз, қуат көздерінің шарты болып табылатын газ бен мұнай, Ислам фундаментализмінің өсіп бара жатқаны, Қытайдың бұл аймаққа қызығушылығының артып отырғаны, сондай-ақ, аймақтың кейбір елдері арқылы өтетін заңсыз есірткі айналысы да алаңдаушылық тудырмай қоймайды.

Люксембург сыртқы істер министрінің орынбасары Николас Шмит Европа одағының қазіргі президенті ретінде Одақ Орта Азия аймағындағы елдермен қарым-қатынасына ерекше мән береді деп атап көрсетті.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG