Accessibility links

НАТО өзінің Ауғанстандағы күштерін күшейткісі келеді


Бұл жөнінде НАТО-ның бас хатшысы Яаап де Хуп Скхеффер мәлімдеді. НАТО Ауғанстандағы Халықаралық қауіпсіздікті қолдау күштерін басқаруда. 37 елдің 8 мыңдай әскерінен тұратын бұл топтар Ауғанстанның солтүстігі мен батысына орналасқан. Ауғанстан президенті Хамид Қарзаймен кездесуден кейін НАТО жетекшісі 2006 жылдың ортасына қарай Ауғанстанның оңтүстігі мен шығысында да Одақ күштерінің қимылдарын кеңейтетін боламыз деп айтқан.

Қарзай Брюсселге Европа сапарына орай келген болатын. Бүгін осындағы НАТО ресмилерімен кездесулерден кейін, Қарзай өз елінің қауіпсіздігін сақтау үшін мыңдаған әскерлердің әзірлікте тұрғаны үшін алғыс айтып, әлі де ұзақ жылдар бойына Ауған елі қаржылық және әскери қолдауды қажет етеді деп атап көрсетті.

AzattyqTV

Кәсіподақ басшысы соты

Елеусіновке таққан айыпты оқыды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG