Accessibility links

Бүгін Ирақта қатарынан бес жанкештілік жарылыс орын алды


Бір сағаттай уақыттың ішінде болған бес бірдей жанкештілік бомба жарылысында 50 адам опат болып, бірнеше ондаған кісі жарақат алды. Полицияның айтуынша, Тикритте жанкешті жарған көлік бомбасынан 28 адам мерт болып, жұмыс сұрап жиналып тұрған адамдардың 60-қа жуығы жараланған. Хауиа қаласында жанкештілік жарылыс адамдар көп жиналған жерде орын алып, онда да 20 кісінің өмірі қиылып, тағы 25 адам жарақат алған. Ал Бағдадтың өзінде үш жарылыс қатарынан болған.

Сейсенбі күні АҚШ әскери өкілі Джэймс Конвей Ирақтағы әскерлер батыстағы Анбар провинциясы көтерілісшілерінің күшті қарсылықтарына тап болуы мүмкін деп айтқан болатын журналистер алдында. Ондағы бүлікшілер Анбар провинциясының әкімін ұрлап, кепілдікке алып кеткен болатын, олар АҚШ күштерінің Қайым қаласынан кетуін талап етуде.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG