Accessibility links

Иран уран байыту қызметін қайта бастағанын мәлімдемек


Иран уран байыту қызметін қайта бастағанын бүгін таңертең жариялайды деп күтіліп отыр. Иран елшісі Сироус Нассери бұл жайында Австрия астанасы Венада Халықаралық атом энергетика агенттігіне Иран үкіметінің ресми хатын тапсырмақ. Ассошейтед пресс агенттігіне сұхбат берген Иран елшісі егжей-тегжейлі мәліметтерді айтпады. Дегенмен, жаңалық агенттіктері Иран уран байыту қызметін шектеуді доғарғанын жарияламақ дейді. Байытылған уран ядролық қару өндірісіне жарамды, бірақ Иран ядролық қызметіміз тек бейбіт мақсатты көздейді дейді.
XS
SM
MD
LG