Accessibility links

Вашингтонды шулатқан ұшқыштарға айып тағылмайды


АҚШ ресми өкілдері Вашингтонның жабық әуе кеңістігіне кеше кірген шағын ұшақтың екі жүргізушісіне ешқандай айып тағылмайды деп жариялады. Вашингтон үстіндегі жабық кеңістікке кеше түсте "Цесна" деген шағын жекеменшік ұшақ кіріп, Ақ үй және Капитолий кеңселеріне бес шақырым жақындаған соң, олардың қызметкерлері эвакуацияға шығарылған болатын. "Цесна" ұшағы радиосигналдарға бағынбаған соң екі қырғи ұшақ оның бағытын өзгертуге мәжбүр етіп, алшақ жердегі әуежайға қондыртты. Президент Джордж Буш бұл сәтте Ақ үйде болмаған, оған ешқандай қауіп төнген жоқ делінді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG