Ресей парламенті сайлау заңын толық мақұлдады, бұдан былай парламенттің төменгі палатасы – Мемлекеттік думаға тәуелсіз депутаттарды сайлау тоқтатылмақ. Сайлау жүйесінің реформасын президент Владимир Путин былтыр қарапайым азаматтарға қарсы бағытталған бірнеше шабуылдан соң ұсынған болатын. Мемлекеттік думаның барлық 450 депутаты бұдан былай партиялық тізімдердегі кандидаттардан іріктелмек. Жаңалық 2007 жылға белгіленген Мемлекеттік думаның келесі сайлауында енгізілмек. Қазіргі жүйе бойынша Мемлекеттік дума депутаттарының жартысы партиялық тізімдерден іріктеледі де, жартысы жеке сайлау аймақтарында сайланады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Өлексесі табылған малға ғана өтемақы төлейміз"
Су тасқынының шығыны қалай есептеліп жатыр?
-
Өскемен мен Семей
Жарыққа миллиардтаған несие жұмсаған қалада көше неге тас қараңғы?