Accessibility links

Вашингтонда Кәрім Мәсімов Назарбаевты ешкім жеңе алмайды деп мәлімдеді


Қазақстан президентінің кеңесшісі Кәрім Мәсімов бүгін АҚШ астанасы Вашингтонда бір топ дипломат пен мұнай сарапшыларының алдында сөйлеп, Қазақстан үкіметі саяси оппозицияны қудалап отырған жоқ, керісінше, реформаларды іске асырып отырмыз деп мәлімдеді. Кәрім Мәсімов алдағы сайлау әділ өтеді, мұны бақылауға халықаралық топтарды шақырамыз деді:

- Назарбаевтың елдегі беделі қазір өте жоғары, ашық және әділ сайлау оның пайдасына шешіледі. Ашық және әділ сайлауда Назарбаевты шаң қаптыру қиын. Бірақ, сайлау еркін және әділ болмайды деп айту кей кезде әлде қайда оңай.

Кәрім Мәсімов елде президент сайлауын 2006 жылы желтоқсанда өткізгіміз келеді, бірақ кейбір оппозициялық күштер сайлауды биыл желтоқсанда өткізуге итермелеп отыр деді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG