Accessibility links

Канн кино фестивалында алғаш рет Ирақ фильмі сынға түсті


«Нөлдік шақырым» деп аталатын ол фильмде Саддам Хұсейннің күрдтерге қарсы күрес науқаны суреттеледі.

Ирақтық Күрд режиссеры Хинер Сәлем өз фильмінде 1988 жылы Ирақ армиясына күшпен алынған Ако есімді күйеу жігіттің тіршілік-өмірі жөнінде көрсетуге тырысады. Ако өз отбасымен Ирақтан өзге елге қашқысы келеді. Бірақ, келіншегі Селма ауыр дертке кезіккен әкесін тастағысы келмейді. Сонымен, Ирақ фильмі 21 шығарма қатарында халықаралық бәсекеге жолдама алып отыр.
XS
SM
MD
LG