Accessibility links

Ауғанстанның шығысындағы Жалалабад қаласында қауіпсіздік күштері мен наразы қауым арасында болған қақтығыста үш адам қаза тапты


Нангархар уалаятының Қоғияни ауданы басшысы Малик Мохаммад Омардың тілшімізге айтуынша, ол шайқас Қоғияниде болған. Ал бір күн бұрын мұндай шайқас Жалалабад қаласында болып, төрт адам қаза тауып, 70 кісі жарақат алған еді.

Ньюсуик журналы Кубаның Гуантанамо аралындағы түрмедегі АҚШ-тық тергеушілердің Қасиетті Құранды арамдады деп жазғанынан кейін жанжал шыққан болатын. Ондай наразылық пен көтеріліс бүгін Қабулда да болды.

АҚШ-тық ресмилер, егер Құранның аяқ-асты етілгендігі рас болса, онда ол қылмыскер бұзықтар жазаланады деген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG