Accessibility links

Еуропа Одағына қосылу мәселесі Украинада референдум арқылы шешілмек


Кеше Украина президенті Виктор Ющенко НАТО және Еуропа Одағына қосылу жөнінде тоқетерін халық айтатын болады, мәселені халық референдумына шығарамыз деп мәлімдеді. Украина телекомпаниясында тікелей толқында көрермендердің сұрақтарына жауап қайтарған Ющенко, дегенмен, референдумның нақты мерзімін атаған жоқ. Еуропа Одағы мен НАТО болса мүшелікке шақырылу үшін Украина әлі талай жұмыс атқару керек деп бұдан бұрын айтқан болатын. Виктор Ющенко Украина Батыс қауымдастығымен жақындасу керек, бірақ Ресеймен арадағы стратегиялық әріптестік де қажет деді.
XS
SM
MD
LG