Accessibility links

Өзбекстан президенті Ислам Каримов шығыс аймақтағы Әндіжан қаласына ұшып келді


Тәшкен теледидарының хабарына қарағанда, бүгін мамырдың 13-іне өтер түнде түнгі сағат 12 жарым мен 1-лер арасында бір топ қарулы Әндіжандағы полиция бекетіне және әскері бөлімшеге шабуыл жасаған. Ол арадан қару-жарақ алып алғаннан соң еңбекпен тәебиелеу лагеріне шабуыл жасап бір топ тұтқынды бостандыққа шығарған. Алғашқы мәліметтерге қарағанда атыспа кезінде 9 адам қаза тапқан.

Тәшкенттік ресмилер ерте таңнан ол топпен телефон арқылы келіссөздер бастаған. Наразы топтан Шәріпжан Шәкіровтың Азаттық тілшісіне, Әндіжандағы басып алынған әкімшілік ғимаратынан айтқанындай, ол келіссөздерде Өзбекстан ішкі істер министрі Закир Алматов қатысқан.

- Рас, олар бізбен сөйлесуде. Министр Алматов сөйлесуде. Ол Президент Каримовтың атынан келіссөздер жөргізуде. Біз жақтан Парпиев Қобилжон оларман телефон байланысында, - деген Шакиров.

Ол қарулы топтың Азаттық радиосына таң ертең айтқанындай, олар бір топ милиционерді кепілдік тұтқынға алған. Наразы топ бұл мәселеде Ресейдің араағайындық жасауын қалар екен. Олар күдікпен, Акрамия исламшылдар тобынан делініп, қамалған барлық тұтқындардың түрмеден босатуын талап етіп отыр екен.

Тағы да Шәкіровтың айтқанындай, олар түрмедегі барлық жігіттерді, оның ішінде, Акрамия тобы жетекшісі делінген Акрам Йолдошевтің азат етілуін талап етер екен. Бірақ İшкі істер министрі оладың талабына көнбей, оның орнына көршілес Қырғызстандағы Ош қаласына өтуге мүмкіндік береміз, деп уәде айтыпты.

Бұл арада Әндіжан қаласының орталығында бір неше мыңдаған адам жиналып, әділетті, еркіндік талап етіп, тіптен Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың қызметтен кетуге шақырғандар да бар екен.

Андижан, белгілі Фарғона алқабындағы, ең үлкен қалалардың бірі. Обылыс орталығы. Бұл - жұмыссыздық, кедейшілік және ресми орындар тарапынан исламшылдарды қудалау, тұтқындау, қамау кесірінен, жергілікті жағдай күрделі қалпында қалып отырған тұрақсыздау аймақ.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG