Accessibility links

Ирақ батысындағы шайқастар халықты орнынан қозғады


Ирақ батысында АҚШ әскері мен көтерілісшілер арасында болып жатқан шайқастардың салдарынан мыңдаған адам босып кетті. Ирақ "Қызыл Жарты Ай" қоғамының өкілі Сирия шекарасындағы Қайм қаласынан 350 шақты әулет кетті деп айтты. Жексенбі күні басталған "Матадор" операциясы Абу Мұсаб Әл-Зарқауидың қолбасшылығындағы ең атышулы топқа қарсы бағытталған. АҚШ әскери өкілдері көтерілісшілер тарапынан 100 шақтысы өлтірілді дейді, ал көтерілісшілер мұны жоққа шығарып, керісінше, 40 американдық сарбазды өлтірдік дейді. Ирақтың жаңа үкіметі 28 көкекте жарияланғалы бері орын алған шабуылдарда 400-ден астам адам қаза тапты. Осының салдарынан Ирақ бас министрі Ибрахим Әл Джафари төтенше жағдай тәртібін кеше тағы созды. Бұл тәртіп былтыр орнатылған болатын.
XS
SM
MD
LG