Accessibility links

Феликс Құлов президенттікке жолды Құрманбек Бақиевке берді


Қырғызстан оппозициясының басшысы Феликс Құлов 10-шы шілдеге белгіленген президенттік сайлауға қатыспайтын болды. Құловтың өкілі Руслан Шыныбаев "Азаттық" радиосына берген сұхбатында Құлов жолды қазіргі уақытша президент Құрманбек Бақиевке беріп, Бақиевті қолдайды деді. Бақиев президент боп сайланса, Құловқа бас министр қызметі берілмек, оның өкілеттігі кеңейтіліп, бас министр үкімет пен облыс әкімдерін тағайындайтын болмақ.

"Ар-Намыс" партиясы осыдан екі күн бұрын Феликс Құловты президенттік сайлауға ұсынған болатын. Халық Құловты 24 наурыз күні көтеріліс кезінде түрмеден босатып алғаны аян. Құлов – елдегі ең танымал саяси басшы.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG