Accessibility links

Әндіжанда бүгін тәңертең атыс болды


Ассошейтед Пресс агенттігі атыс қысқа уақыт ғана жалғасты деп хабарлап отыр. Қаланың 350 мың тұрғындарының көпшілігі сенбі күні үйлерінен шықпағанды жөн көрді. Әндіжан әкімшілігі ғимаратын Өзбекстан әскері кеше кешке кері қайтарды. Қақтығыстарда Өзбекстан үкімет орындары тоғыз адам қаза тапты деп хабарлады. Баспасөз мәліметтері адам шығыны бұдан әлдеқайда көп дейді. АҚШ әкімшілігінің өкілі Скотт Маклеллан ереуілшілерді және Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовты сабырлыққа шақырды:

- Біз үкіметті де, ереуілшілерді де бұл кезеңде сабырлыққа шақырамыз. Өзбекстан халқы үкіметіміз демократиялық сипатта болса, өкілеттігі әлдеқайда кең болса деп қалайды. Бірақ, бұл мақсатқа қақтығыс емес, бейбіт жолмен жету керек.

Қарулы азаматтар жұма күні таңертең жергілікті түрмеге шабуыл жасап, жүздеген тұтқынды босатып алды. Шабуылшылар ислам экстремизміне қатысты деген айып бойынша сотта ісі қаралып жатқан 23 бизнесменді азат етуді талап етті. Әндіжандағы қақтығысқа Еуропа Одағы алаңдаушылық білдіріп, Өзбекстан үкіметінің атына сөгіс айтты. Ресей үкіметі болса Кәрімовты толық қолдаймыз деді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG