Accessibility links

Иран парламент үкіметті уранды байыту өндірісін қайта іске қосуға мәжбүр етпекші


ТЕҺРАН. Иранның мемлекеттік IRNA агенттігінің хабарлауынша, жексенбі күні Иран парламенті өзінің ядролық бағдарламасы бойынша Германия, Ұлы Британия және Франциямен арадағы келіссөзді доғару мәселесін күн тәртібінен тыс талқыламақшы. Агенттіктің хабарына сәйкес, парламенттің басым бөлігін құрайтын кертартпа депутаттар Еуроодақтың ескертуіне қарамастан, үкіметті уранды байыту өндірісін қайта іске қосуға мәжбүр етпекші. Кертартпа депутаттардың бірі Казем Жалалаидің мәлімдеуінше, Еуроодақ елдерімен арадағы келіссөз онсыз да нәтижесіз аяқталатын тәрізді, демек Иран босқа уақыт оздырып алады.
XS
SM
MD
LG