Accessibility links

Ирақтағы АҚШ әскері Ә.М.Әз-Зарқауидің жасақтарына қарсы шабуыл жасауда


БАҒДАД. Әскери тікұшақтардың қолдауына сүйенген АҚШ армиясы Ирақтың Сириямен арадағы шекара маңындағы Ал-Қайым қаласына басып кірді. АҚШ әскерилерінің хабарлауынша, қалада бақталасушы күштер арасында шайқас болған сияқты. Бұл шабуыл “Матадор” деп аталатын соғыс операциясы шеңберінде жүзеге асырылды. Операцияның мақсаты – иорданиялық лаңкес Әбу Мұсаб Әз-Зарқауи бастаған қарулы жасақтың кзін жою. АҚШ әскерилерінің хабарлауынша, соңғы тәуліктерде Әз-Зарқауиге жалданған 100-ден аса шетелдік лаңкес оққа ұшты. АҚШ армиясы 9 жауынгерінен айрылды. Ирақта қантөгіс толастайтын емес. Бағдадтың шетінде болған жарылыстан 3 кісі қаза болып, төртеуі жараланды. Баакуба қаласында жанпидашыл-лаңкес бомба қойылған автокөлігін жарып, 3 полицей жараланды.
XS
SM
MD
LG