Accessibility links

Дүйсенбіде Пхеньян мен Сеул өзара қарым-қатынасты жақсарту мәселесімен кезекті келіссөзге отырмақшы


ПХЕНЬЯН. Екіжақты қарым-қатынасты жақсарту мақсатында Солтүстік пен Оңтүстік Кәрея дүйсенбі күні өзара келіссөздің кезекті сатысына отырмақшы. Бұл келіссөзге өзінің ядролық бағдарламассы бойынша көпжақты диалогқа қатысудан үзілді-кесілді бас тартқан ресми Пхеньян бастамашы болып отыр. Пхеньянның ядролық қуатын нығайтпақ жоспарына жуырда АҚШ, Жапония және Оңтүстік Кәрея үлкен алаңдаушылық білдірді. Жақында Солтүстік Кореяның Енбондағы атом электр стансасынан барлық плутоний сымы алынып, оны тиесілі өңдеуден өткізген соң, ядролық қару жасауға қажетті плутоний алуға болады. Пхеньян ядролық сынақтарға әзірленіп жатқан сияқты деген мәлімет бар.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG