Accessibility links

В.Лощинин (Ресей): “Грузияның кез-келген талап-шарты Мәскеуді қатаң шараға баруға мәжбүр етеді”


МӘСКЕУ. Ресейдің әскери базаларын шығару үшін Грузия белгілеген мерзімнің аяқталуына байланысты бүгін Ресейдің сыртқы істер министрінің орынбасары Валерий Лощинин Грузияның кез-келген шарт-талабы Мәскеуді қатаң шараға баруға мәжбүр етеді деп ескертті. Наурыз айында Грузия парламенті үкімет Ресей базаларын 15 мамырға дейін шығару туралы Кремльмен келісімге келмеген жағдайда, ол базаларды “заңсыз” деп табу туралы қаулы қабылдаған болатын. Мәскеу Тбилисиді қоқан-лоқылық жасап отыр деп айыптайды. Әйтсе де кеше Грузияның қорғаныс министрі Ираклий Окруашвили дауды басуға мүмкіндік беріп, алдағы бірнеше күн бойы ешқандай шара қолданбайтынын мәлімдеді. Грузия Ресей базаларының 2008 жылға дейін шығарылғанын талап етеді. Бірақ Ресей оған келіспей отыр.
XS
SM
MD
LG