Accessibility links

И.Кәрімов (Өзбекстан): “Көтерілісшілер әйел, бала-шағасын шақырып алып, оларды әкімшіліктің маңайына “тірі қалқан” болып тұруға мәжбүр еткен”


ТАШКЕНТ. Бүгін Өзбекстан президенті И.Кәрімов Әндіжан қаласындағы бас көтергендер қырғыздардің “үлгісімен” өзбек үкіметін құлатуды көздеді деп мәлімдеді. Оның айтуынша, көтерісшілер орталық та жергілікті билік қатаң шараға бармас деп үміттенген. Алайда И.Кәрімов Әндіжандағы көптеген адамның қаза болып, одан көп кісінің жарақат алуына түрткі болған жұма күнгі оқ атуға бұйрық бермегенін мәлімдеді. Әндіжанға кеше барып қайтқан И.Кәрімовтың айтуынша, әкімшілікті басып алғандар барлық туған-туысқанын, әйел, бала-шағасын телефон арқылы шақырып алып, оларды әкімшіліктің маңайына “тірі қалқан” болып тұруға мәжбүр еткен. Өзбек президентінің айтуынша, ресми билік жанжалды шешудің бейбіт жолын қарастырып көрген. Бірақ, деп мәлімдеді И.Кәрімов, көтерілісшілер ешбір үкімет орындай алмайтын шарт қойған. Бүгін 1 мыңға жуық өзбек босқыны шекарадан Қырғызстанға қарай өтіп, көбісі кейін қайтарылды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG