Accessibility links

Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы И.Кәрімовтің пікірімен келіседі, ал Ресей президенті бүкіл Орта Азиядағы ахуалға қатты алаңдайды


БІШКЕК-ТАШКЕНТ. Бүгін Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы Құрманбек Бәкиев Әндіжандағы бас көтеруді Исламның қайта өрлеу қозғалысы – Хизб-ут-Таһрир тобы ұйымдастырды деген Өзбекстан президенті И.Кәрімовтің пікірімен келісіп, көп адамның қазасына соқтырған көтеріліс үшін исламшыл топты айыптады. Бүгін Ташкентте өткізген баспасөз-маслихатында И.Кәрімов Хизб-ут-Таһрир тобын Әндіжандағы бас көтеруді ұйымдастыру арқылы Өзбекстан үкіметін құлатпақ болды деп айыптады. Штаб-пәтері Лондонда орналасқан бұл топ Әндіжандағы толқуға өзінің ешқандай қатысы жоқтығын мәлімдеді. Куәгерлер мен жергілікті адам құқын қорғаушылар Әндіжанда 200-ге жуық адам қаза болды деп мәлімдеп отыр. Ал И.Кәрімовтің айтуынша, ішкі істер министрілігі қызметкерлерімен бірге бас-аяғы 30-дай кісі құрбан болды. Бүгін Өзбекстан мен Ресей президенттері Әндіжандағы оқиғаны телефон арқылы өзара талдап, бүкіл Орта Азия аймағындағы ахуалға үлкен алаңдаушылық білдірісті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG