Accessibility links

Косовода тағы бір ортақ бейіт табылды


Косово елінде БҰҰ тергеушілері ортақ көмбеде табылған мүрделерді тексеріп жатыр. Бұлар 1998 жылы албан партизандары өлтірген серб азаматтары болса керек. Көмбе ел астанасы Приштинадан 45 шақырым жерде орналасқан Малишево қаласында табылды. Көкек айында бір үңгірде 24 мүрде табылған болатын. Косово соғысы аяқталғалы бері үш мыңдай адам хабар-ошарсыз кетті. Олардың ішінде жүздеген серб азаматы жоғалып кеткен.
XS
SM
MD
LG