Accessibility links

Черкесск қаласындағы қарулы адамдар өлтірілді


Ресей полициясы Қарашай-Черкеш республикасының Черкесск қаласында исламшыл жауынгерлер деп күдіктелетіндермен арада болған ұрысты соңына жеткізді. Полиция бір пәтерге бекініп алғандарды шабуылдап, бес адамды өлтірді. Олардың ішінде екі әйел бар. Қарулы азаматтар алдымен көшеде полициямен атысып, сосын осындағы үйге бекініп алған болатын. Полиция және қала тұрғындары тарапынан адам шығыны болған жоқ делінді.
XS
SM
MD
LG