Accessibility links

АҚШ әскері Ирақтағы "Матадор" операциясын аяқтады


АҚШ әскери басшылығы Ирақ батысында бір аптаға созылған "Матадор" операциясын табыспен аяқтадық деп мәлімдеді. Сириямен шекаралас аймақта орын алған шайқастарда 125-тен астам көтерілісші өлтірілді, көбі жарақат алды, барлау мәліметтерін айта алатын 39 көтерілісшіні қолға түсірдік деп мәлімденді. Сүннит көтерілісшісі Әбу Мұсаб Әл-Зарқауимен сыбайлас жауынгерлерге қарсы шайқастарда 9 американдық сарбаз қаза тапты, 40 жауынгер жараланды делінеді АҚШ әскерінің мәлімдемесінде.

Ирақта кеше жеке шабуылдар жалғаса түсті. Белгісіз қарулы адамдар Бағдадта сыртқы істер министрлігінің бас директоры Джасим Мұхамед Ғаниді өлтіріп кетті. Бағдад және Бақұба қалаларында екі жанкештілік шабуылда кемінде 4 адам мерт болды, олардың сыртында 4 адам жараланды. Бағдадтың оңтүстігінде жолға қойылған бомба жарылып, қала шаруашылығына қарасты үш жұмысшы қаза тапты.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG